«Қазақстан халқына» қорының білім беру грантары

    Бағдарлама 2022-2023 оқу жылынан  жүзеге асырылып басталды. Қор бакалавриат бағдарламалары бойынша жоғары білім алу ақысын төлеу үшін мемлекеттік немесе өзге грант ала алмаған, ауылдық жерлердегі жағдайы төмен отбасылардан шыққан түлектерге, жетім балаларға және мүгедектігі бар балаларға шәкіртақы төленетін гранттар береді.

    Маңызды: үміткер өтінімді өз бетінше береді және осы үдеріс үшін жауапкершілікті өз мойнына алады, бұл ретте ҰБТ-ға қойылатын талаптар жыл сайын өзгеруі мүмкін екенін ескергені жөн, сондықтан бұл ақпаратты қабылдаушы ЖЖОКБҰ-дан алдын ала нақтылауы қажет. Қор бөлетін гранттар өтеусіз көмек болып табылады. Сома қайтарылмайды және грант алушы оқуын аяқтағаннан кейін оның оқуына жұмсалған қаражатты «өтеуге» міндетті емес. 

    Бағдарламаның қатысушыларын іріктеу критерийлері

    1) ЖЖОКБҰ комиссиясы арқылы өткізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру гранттары мен шәкіртақысын беру үшін Бағдарламаның қатысушылар іріктеу критерийлері:

    ҰБТ тапсырған және ЖЖОКБҰ-ға түсу үшін қажет өту баллын жинаған түлектер:

    -  ауылдық жерлердегі жағдайы төмен отбасылардан шыққан тұлғалар;

     - жетім бала санатына жататын және кәмелеттік жасқа дейін ата-анасының қамқорынсыз қалған тұлғалар;

    - мүмкіндіктері шектеулі, соның ішінде мүгедектігі бар тұлғалар.

    Білім беру гранттарын алу үшін конкурсқа қатысу үшін түлектер ЖОО-рдың қабылдау комиссияларына мынадай құжаттарды тапсырады:

    1. Ата-анасының/заңды қамқоршылардың жеке куәлігінің түрлі-түсті көшірмесі
    2. Ата-анасының/заңды қамқоршылардың жеке куәлігінің түрлі-түсті көшірмесі
    3. Орта мектепті бітіргені туралы аттестаттың көшірмесі / колледж дипломы (үміткердің ауылдық жерден шыққанын растайды)
    4. ҰБТ сертификатының көшірмесі (ағымдағы жылдың кез келген сертификаты)
    5. Төменде көрсетілген санаттардың бірінің (немесе бірнешесінің) құжаттамалық растауы:

    -  мүмкіндіктері шектеулі, соның ішінде мүгедектігі бар тұлғалар;

    - жетім бала санатына жататын және кәмелеттік жасқа дейін ата-анасының қамқорынсыз қалған тұлғалар;

    ауылдық жерлердегі жағдайы төмен отбасылардан шыққан тұлғалар;

    - ауылдық жерлердегі жағдайы төмен отбасылардан шыққан тұлғалар;

    1. Егер үміткер жетім немесе балалар үйінің тәрбиеленушісі болса, ата-анасының қайтыс болуы туралы анықтама немесе балалар үйінің анықтамасы талап етіледі
    2. Үміткердің ата-анасының соңғы жарты жылдағы зейнетақы аударымдары туралы анықтама
    3. АӘК (АСП)  алушының мәртебесі туралы ақпарат (алатын орны-ҚР ХҚКО)
    4. Республикалық деңгейдегі олимпиадаларға қатысуды және жеңісті растайтын сертификаттар мен дипломдардың көшірмелері (бар болса)
    5. Мәдениет және спорт саласындағы республикалық турнирлерде жүлделі орындар алғандығын куәландыратын сертификаттар/дипломдар көшірмелері (болған жағдайда)


     Жергілікті атқарушы орган гранттары

    Бағдарламаның қатысушыларын іріктеу критерийлері

    Аталған санаттар бойынша әлеуметтік көмек тағайындау кезінде отбасының өткен тоқсандағы табыстары ескеріледі.

    Грантты тағайындау туралы шешімді жергілікті аудан және қала әкімдіктері жанынан құрылған арнайы комиссия қабылдайды.

    Үміткерлердің ҰБТ, кешенді тестілеуден алған нәтижесі, жеке жоғары жетістіктері, әлеуметтік жағдайы, отбасының табыс деңгейі - іріктеудің негізгі критерийлері болып табылады.

    Білім беру гранттарын алу үшін конкурсқа қатысу үшін түлектер ЖОО-дың қабылдау комиссияларына мынадай құжаттарды тапсырады:

    1. 1 Балалар үйінің тәрбиеленушілері (Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы мекемесінің түлектері);
    2. Мүгедектігі бар балалар;
    3. Жетім балалар;
    4. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
    5. Асыраушысынан айырылған отбасылардың балалары;
    6. Ата-анасының екеуі де зейнеткер болып табылатын балалар;
    7. Ата-анасының екеуі немесе біреуі мүгедек болып табылатын балалар;
    8. Көп балалы отбасылардың балалары;
    9. Аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар.
    10. Әлеуметтік көмек алу үшін қажетті құжаттармен қоса өтінішті уәкілетті органға жоғары кәсіптік білім беру ұйымдарына студенттер қатарына қабылдау туралы бұйрық шыққан күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсыну қажет.
    11. Ескерту: педагогикалық мамандық таңдаған талапкерлер арнаулы емтихан тапсырғандығы туралы сертификатын қоса өткізеді.
    12. Маңызды: Әкім гранттарын арнайы комиссия тағайындайды. Оның құрамына әкімнің өзі, әлеуметтік қорғау өкілдері, қаржы мекемелері, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары кіреді. Іріктеу кезінде үміткердің ұпай санына баса назар аударылады. Бірақ әлеуметтік жағынан аз қамтылғандарға жеңілдік беріледі. 
    13. Әкім гранттары сол өңірге байланып тұрмайды. Жергілікті атқарушы орган тапсырыс берген мамандық болса, республика бойынша кез келген жоғары оқу орнында білім алуға болады. Бірақ оқудан кейін ол жерге қайта барып, жұмыс істеу керек.

     

    М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің талапкерлеріне
    Шымкент қаласының әкімдігінің гранттары

     

    БББ тобының

    нөмері

    Білім беру бағдарламалары тобының атауы

    Грант саны

    В009

    Математика мұғалімдерін даярлау

    15

    В016

    Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

    15

    В017

    Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

    15

    В062

    Электр техникасы және энергетика

    20

    В071

    Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру

    20

    В074

    Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс

    50

    В091

    Туризм

    30

    В093

    Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі

    20

    В094

    Санитарлықпрофилактикалық іс шаралар

    10

    В095

    Көлік қызметтері

    20

    Жалпы саны

    215

     

    © 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ